Сервистік қызмет көрсету клиентті қолдау мәселесіндегі ең өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Қазіргі сәтте компаниямыздың техникалық мамандары жүзеге асыратын сервистік қызмет көрсетуге жабдықтың тиімділігі жоғары және үздіксіз жұмысына бағытталған көрсетілетін қызметтердің ауқымды шоғыры енеді.
KazakhPromProduct компаниясы жабдықты іріктеу кезеңінде тапсырыс берушіге кеңес беру, құрастыру, іске қосу және жөндеу жұмыстары, кепілді және кепілдіден кейінгі қызмет көрсету сияқты сервистік қызмет көрсетудің негізгі қызметтерінің барлық шоғырын көрсетеді.
Сервис мамандары өндіруші-әріптестеріміздің кәсіпорындарында аттестаттаудан және біліктілікті арттыру курстарынан ұдайы өтеді.
Бұған қоса, қойылған міндеттерді шешу үшін жабдықты өндірушілердің инженерлік-техникалық қызметкерлерін тартуға мүмкіндігіміз бар.